Ғажайып Түс. Ертегі / баяндауы мен суреттемелері руф Сандерсондікі; ауд. Ж. Ешмұратова. – Астана. Фолиант, 2017. – 32 бет.
Күндердің бір күнінде Анна есімді тоқымашы ғажайып түс көреді. Түсіне енген ертегідей ғажап мекенді жібек жіптермен зерлеп, оны кілемге түсіре бастайды... Кілем де тоқылып бітеді. Анасы кілемді үш ұлымен тамашалап тұрған сәтте, қатты жел соғып, оны белгісіз жаққа ұшырып әкетеді. Өзінің мықтылығымен танылған үлкен ұлы Леон, ортаншы ұлы — зерек Блейн кілемді аналарына қайтарып әкелуге уәде береді. Алайда Леонның күші де, Блейннің асқан ақылдылығы да Хрусталь тауда жасырынған кілемді табуға жеткіліксіз еді. Олар кері оралмаған соң үйдің кенжесі Перрен жолға шығады. Өзіне деген сенімділігі мен өнерінің арқасында перизаттардың түрлі сынағынан аман шығады. Осылайша ертегінің елеусіз қалған қаһарманы кез келген қиындықтарға төтеп беріп, ақыр аяғында жеңіске жетеді. Руф Сандерсонның баяндауындағы бұл тамаша ертегі өз оқырманын ерекше сиқырымен баурап алады.