Тілді ауыстыру / Переключение языков

 Біз әлуметтік желідеміз:
fb  vk  yt ins

kids

 

pr book

Электронды каталог

nbk

kr k

Оқуға ұсынамыз

«
»

Біздің өрендер

Қітапханаға жазылу

Су тамшысының әлемді аралауы

suСу тамшысының әлемді аралауы / Сара Гюрбюз Озерен ; - Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2019. – 128 бет.
Балақай, жер бетінде ең көп тараған не деп ойлайсың? Дұрыс айтасың, ол — су. Глобусқа немесе картаға қарайықшы, онда жер шарының төрттен үш бөлігі көгілдір түске боялған. Яғни су өте көп деген сөз. Су тіпті бүкіл тіршілік атаулының бойында бар. Судың тағы бір кереметтігі — оның жер бетінде үнемі тынымсыз айналыста жүретіндігі. Осылайша жер шарындағы судың мөлшері өзгермейді. Теңіз бен мұхиттардың, өзендер мен көлдердің бетінен су буға айналып, одан бұлт түзіледі. Ол жаңбыр немесе қар, бұршақ болып жерге жауады, яғни қайта суға айналады.
Ендеше, кішкентай су тамшысының әлемді аралап, кейде бу болып аспанға ұшқанын, кейде жаңбыр болып жерге жауғанын, қалай сұп-суық мұзға айналғанын өз аузынан естіп көрейік.

Алтын кілт

altin kiltМакдональд. Дж.
Алтын кілт / Дж. Макдональд ауд. Ф. Тобашалова. – Астана: Фолиант, 2018. – 136 бет.
«Алтын кілт» ертегі хикаяты алғаш рет 1860 жылы «Dealing with the Fairies» атты әңгімелер жинағында жарық көрген. Бұл ертегі британ балалар әдебиетінің алтын қорына енген. Әр жылдары жеке кітап болып түрлі нұсқаларда да басылған. Кейінірек скретчборд техникасымен салған суреттерінің арқасында иллюстратор Руф Сандерсон осы хикая үшін ерекше маңызға ие жарық пен көлеңкенің еліктірер бейнелілігін шебер көрсете алды. Автордың шығармада айтар ойы өзгеше, себебі ол ертегінің негізгі мәнін оқырман өзі ұғынуы үшін әдейі жұмбақ күйінде қалдырған. «Алтын кілт» ертегісі қиял-ғажайып сарындағы шындыққа негізделген, сондай-ақ сиқырға толы шытырман ертегі ретінде де қабылдауға болады. «Алтын кілт» — британ балаларының бірнеше буыны өзінше ашқан және таныған құпия. Енді біздің жас оқырмандарымыз да Джордж Макдональд жасаған сиқырлы елге, сиқырлар, ғажайыптар мен шытырман оқиғалар әлеміне сапар шегіп, әлемнің көз тартар әсемдігі мен ғаламатын сезінуге көмектесетін өзінің алтын кілтін іздей алады.

 

Қобыланды батыр Koblandy batyr

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР. Батырлар жыры. Өңдеген Ш. Күмісбаев. – Алматы: «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2019. – 184 бет, суретті.
Қобыланды батыр — қазақ халқының мазмұны бай да салалы эпостық дастандарының бірі. Жыр көп замандар бойы өмір сүріп, ірі- ірі эпос айтушыларының қолынан өткен.

koblandy

Құлаған үйдің құпиясы

Телеуова 3.Құлаған үйдің құпиясы / Зияш Телеуова. - Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2019. - 144 бет.
ISBN 978-601-338-384-2
Жас өспірімдерге арналған бұл шытырман оқиғаға толы шығарма қала балаларының өмірін суреттейді. Сегізінші сыныптың оқушылары қысқы, жазғы демалыста жүріп, түрлі оқиғалардың куәсі болады. Бірінші - « Ит жоғалған күн » оқиғасы. Итін жоғалтқан Кәрім мен достары жоқ іздеп жүріп, құлаған үйдің жертөлесіне біреулердің кіріп-шығып жүргенін көріп, сол есікке бақылау орнатады. Құлаған үйдің жертөлесіне қоныс тепкен діни секта мүшелері діни рәсімдерін өткізу үшін қамауда тұтқын ұстайды. Жертөлеге түскен Кәрім оның үстінен шығып, құтқару әрекеттерін жасайды. Жергілікті полицияның көмегімен тыңшылар өзге діни ағымның іс-әрекеттерін әшкерелейді.
Бұл шытырман оқиғалардың басты кейіпкерлері - Кәрім, Бану, Аян, Айбектің өзара достығы,үлкендерге мейірімділігі, кішіге ізеттілігі, айналада болып жатқан оқиғаларға сергектігі қазіргі жас жеткін- шектерді адамгершілікке, достыққа, қоғамдағы түріл қылмыс көрініс- теріне немқұрайды қарай алмауға үйретеді.

kulagan

Рикки - Тикки - Тави

 KiplingКиплинг Р. Рикки – Тикки – Тави және басқа ертегілер / Редьярд Киплинг (Мазмұны бойынша әңгімеленген Ә. Тауұлы). – Алматы : «Аруна» баспасы, 2015. – 64 бет, суретті. – (Ғажайып ертегілер әлемі).
Кітапқа Редьярд Киплингтің «Рикки – Тикки – Тави», «Еркіндікті қалаған мысық» және «Бала - Піл» деп аталатын көңілді де тартымды ертегілері енгізілді. Екі әбжыланды жеңген ержүрек мангуст, еркіндікті сүйетін Мысық, сондай – ақ Қолтырауынның түскі асқа не жейтінің білгісі келген әуесқой Бала – Піл туралы ертегілер балалардың қызығына тыңдайтын туындылары.

Алтын тостағанды іздеу

NauruzbaevaНаурзбаева З., Калаус Л.
Алтын тостағанды іздеу: Бату мен оның достарының бастан кешкендері. – Алтаты: «Қазақ энциклопедиясы», 2018. – 236 бет.
Шығармада Бату атты бала мен оның достарының басынан кешкен оқиғалары негізінде, ертегі – аңыз кейіпкерлері мен тарихи деректер тәуілсіздік кезеңінің бүгінгі шындығымен байланыстырыла суреттелген. Шым – шытырық оқиғалар жанрында жазылған хикаят жас жеткіншек оқырмандарды қызықтырып, қиялына қанат бітіретін тартымдылығымен баурайды.

 

clubd

Клубтар мен

үйірмелер кестесі

Толығырақ...

tv det

Балалар

шығармашылығы

Толығырақ...

sprosy

Кітапханашыдан сұра

Толығырақ...

tree1