Балаларға ғана емес, ата-аналарға, педагог-ұстаздарға және тәрбиешілерге де арналып топтастырылған әлемнің танымал ертегілері баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерінің дамуына, мейірімді, қайырымды, кішіпейіл болуына, ой-өрісі мен қиялының дамуына, сөздік қорының молаюына, тілінің дамуына негіз болады. Мазмұндары алуан түрлі болып келетін бұл жинақтар арқылы бала өзге халықтардың ауыз әдебиетімен не әлемге танымал ертегішілердің ертегілерімен, яғни өз ана тілінде берілген шығармалар арқылы өзге де халықтардың әдебиеті және мәдениетімен танысады. Ойын толық жеткізуге мүмкіндік береді, санауға үйретеді, табиғат сұлулығын сезініп, көре білуге ұмтылдырады. Жеңіл және қарапайым тілмен берілуі баланы оқыған ертегісінің мазмұнын тез қабылдап, ұғынып, әңгімелеп беруге жетелейді.
Бұл топтамаға ең таңдаулы, танымал халық ертегілерінің жинақтары кіреді. Ондағы әдемі суреттер баланың ертегі кейіпкерлерін танып, сезініп, мазмұнын терең түсінуіне мүмкіндік береді. Балаларды кішкентайынан халық ауыз әдебиетімен сусындатып, олардың ой-өрісін, танымдық қабілетін дамытады. Бабаларымыздың тұрмысымен, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерімен таныстырады. Мұқабасы қатты, көркем суреттермен безендірілген бұл жинақтар кішкентай бүлдіршіндерге ғана емес, сондай-ақ ересектерге, ұстаздар мен балабақша тәрбиешілеріне де арналады. Ертегі жинақтары қазақ және орыс тілдерінде шығарылып отыр.

"Оқушының алғашқы энциклопедиясы" – мектеп оқушыларының танымдық деңгейін дамытуға көмектесетін және білім жолында кездесетін сұрақтарға жауап таба алатын бірден-бір дерек көзі. Сан алуан тақырыпты қамтитын энциклопедия аспан әлемінен бастап қазіргі біз өмір сүріп отырған адамдар ғаламшарына қиялмен саяхаттауға көмектеседі.
"Жануарлар әлемі" энциклопедиясы жасөспірімдер үшін өте қызықты және танымдық жағынан пайдалы басылымдардың бірі болмақ. Мұнда жан-жануарлар менқұстардың сан түрі,мекендейтін ортасы, тіршілік әрекеті туралы жан жақты мәліметттер берілген. Олардың жойылып кету себептері де баяндаоған.Кітап оқырмандарды қызықтырып қана қоймай, қоршаған табиғатты, жануарлар мен құстарды қорғаудың қажеттігін түсіндіреді.
Сен әлемнің дамылсыз өсіп келе жатқанын білесің бе? Ал ондағы ғаламдардың саны Сахара шөліндегі құм қиыршықтарынан да көп екендігінен, кейбір аспан денелерінде домино тасының салмағы Эверест тауымен парапар болатынан хабарың бар ма? Егер осылардың барлығы туралы көбірек білгің келсе, осы кітаптан ақпарат аласын.