Қазақ аңыз-әпсаналары
Өмірден алынып, кезінде ауызекі айтылған әңгімелердің бір тармағы - аңыз-әпсаналар. Аңыз-әпсаналар арқылы тарихты, көне дәуір тынысын пайымдауға болады.
Жинаққа балалардың түсінуіне лайықты аңыз-әпсаналар үш топқа (мекендік, күй және күйшілер, тарихи) бөлініп, топтастырылды.
Жинаққа енген Асан қайғы, Қорқыт баба, Жиренше шешен, Аяз би, Абылай хан туралы аңыз әңгімелер жастарды көрегендікке баулып, жаман әдет, жат мінездерден сақтандырады, елін-жерін сүюге талпындырады.
Жаңа заман ертегілері З. Башбаева
Бұл жинаққа бүгінгі күн тақырыбына арналған ертегі-әңгімелер мен ертегі-хикаяттар топтастырылған. Кітаптың авторлары - танымал және жас қаламгерлердің қаламынан туған ертегілердің тілі жеңіл, оқиғалары қызықты, сюжеттік шешімдері тосын. Жас оқырмандарға арналған.
Арасанбай Естенов. Біздің батыр бабалар
Атының өзі айтып тұрғандай, кітаптың негізгі бөлігі балаларға арналған тарихи тілашар-әліппеден тұрады. Бұл бөлімдегі танымдық өлеңдердің, жұмбақтар мен "түсіндірме сөздік сабактарының" жас ұрпақты отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеудегі рөлі айырыкша болар деген үміттеміз.
Сондай-ақ, "Әдептілік әліппесі", "Киелі сандар" сынды т.б. бөлімдердегі туындылардың да балалардың ой-қиялын ұштап, ізгілік пен имандылық жолына жетелері сөзсіз.
Дудар қыз (қазақ ертегісі) Қ. Жаңабаев
Дудар қыз ертегісі мектеп жасындағы барлық оқушыларға арналған. Ертегі оларды кішіпейімділік, жақсылық, ізгілік қасиеттеріне үйретеді. Ал егерде өмірдің ауыр жолы кездессе, соны жеңбей қоймау керектігін түсіндіреді. Дудар қыздың басына кешкен қызықты оқиғаны білгің келсе, осы кітапты қолыңа ал.
Базарбайқызы М. Әкесін іздеген ұл
Бүл кітапта бала кейіпкерлердің басынан өткен қызықты оқиғаларын әңгімеге арқау еткен. Отбасындағы әке орны, сәбидің сезімі, арман-мұңы, ізденісі оқырман жанының нәзік пернесін дың еткізері сөзсіз. Тілі шұрайлы, оқылуы жеңіл, өнегесі мол.
Бұл топтамаға ең таңдаулы, танымал халық ертегілерінің жинақтары кіреді. Ондағы әдемі суреттер баланың ертегі кейіпкерлерін танып, сезініп, мазмұнын терең түсінуіне мүмкіндік береді. Балаларды кішкентайынан халық ауыз әдебиетімен сусындатып, олардың ой-өрісін, танымдық қабілетін дамытады. Бабаларымыздың тұрмысымен, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерімен таныстырады. Мұқабасы қатты, көркем суреттермен безендірілген бұл жинақтар кішкентай бүлдіршіндерге ғана емес, сондай-ақ ересектерге, ұстаздар мен балабақша тәрбиешілеріне де арналады. Ертегі жинақтары қазақ және орыс тілдерінде шығарылып отыр.