Тілді ауыстыру / Переключение языков

 Біз әлуметтік желідеміз:
fb  vk  yt ins

kids

 

pr book

Электронды каталог

nbk

kr k

Оқуға ұсынамыз

«
»

Біздің өрендер

Қітапханаға жазылу

Алпамыс батыр

“Алпамыс батыр“ жырының қара сөзбен баяндалып, көркем безендірілген бұл нұсқасы жас ұрпақтың ойын ұштап, қиялын қанаттандыратын кезекті рухани олжасы боларына күмән жоқ.

alpam batr

Алдаркөсе мен Қожанасыр хикаялары

  Бұл жинаққа Алдаркөсе мен Қожанасырдың терең мағыналы, пәлсафаға толы ұтқыр әзіл-оспақтары, күйдіргідей ойып түсетін қалжың хикаялары енгізілген. Қос әзілкештің аңқау, алаңғасар мінездері, қиқар қылықтары, ащы тілдері, ұтқыр жауаптары, зілсіз әзіл-қалжыңдары тіпті күллі әлемге танымал. Кітап жеткіншектер үшін тәлім-тәрбиелік жағы ескеріле отырып құрастырылған. Бұл жинақты кітапхананың балалар бөлімінен таба аласыз.

aldar kose 

Қазақ ертегілері

Ертегі дегеніміз не? Ол халықтың ауызша айтатын көркем әңгімесі. «Ертегі» деген ат ертеде, ерте күндегі деген сөздерден туған. Ауызша әңгімелер мен ертегілер арқылы батырлық, батылдық, тапқырлық, еңбекші халық бақыт туралы, еркін өмір, жайлы мекен туралы үміт, армандар баяндалады.

Ертегілер баланың рухани дамуына зор ықпал етеді. Алдарыңыздағы көркем безендірілген «Қазақ халық ертегілері» жуықта ғана «Фолиант» баспасынан жарыққа шықты. «Батырлық туралы ертегілер», «Жануарлар туралы ертегілер», «Қиял ғажайып ертегілер» деп аталатын үш бөлімнен тұратын кітапқа 24 ертегі енген.
Бұл кітапты оқығыларыңыз келсе кітапхананың балалар бөлімінен таба аласыздар!

Kazak ertegileri

Ержүрек құмырсқа

Кітап жәндіктердің таңғажайып өмірі: амазонка-құмырсқалар мен орманның жирен құмырсқалары арасындағы шайқас; орманда адасқан жанның бәріне көмектесуге асығатын Жарқырауық қоңыз; ханшайым-дернәсілді құтқару туралы ерекше тапсырма алған Лазиус атты құмырсқаның басынан кешкен қызық оқиғаларын баян етеді.

erjurek22

Маған әже керек

Magan azhe kerekШтефи түстен кейін үйде үнемі жалғыз отырудан әбден жалығады: аснасы жұмыста, достары қосымша сабақта, үйдегі тасбақасы да оған бір ауыз тіл қатпайды. Сол себепті Штефи қажет кезде үнемі қасынан табылатын және, ең бастысы, өзінің алғашқымахаббаты жайлы сырласатын әжесінің болғанын қалайды. Сөйтіп ол әже іздеуге кіріседі және озіне төрт әже тауып қана қоймай, олармен бірге шым-шытырық оқиғаларды бастан кешіреді.

Таңғажайып глобус

GlobusКітапханамызға «Атамұра» баспасынан Қазақстандағы Гёте-Институтының қолдауымен жарық көрген «Таңғажайып глобус» атты неміс ертегілер топтамасының қазақ тіліндегі аудармасы келіп түсті. Суретті кітаптың ерекшелігі - ертегілер қазақ және неміс тілдерінде қатар беріліп отыр. Оқырмандар Мартин Лютерден бастап, Эльмар Шенкель, Катрин Дройт, Вильгельм Кропп және Марие-Кристине Ромирердің ертегілерімен қауышады.

clubd

Клубтар мен

үйірмелер кестесі

Толығырақ...

tv det

Балалар

шығармашылығы

Толығырақ...

sprosy

Кітапханашыдан сұра

Толығырақ...

tree1