Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бері өткізіліп келеді.
Акцияның мақсаты – халық әдебиетін насихаттау, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарға адамгершілік-патриоттық тәрбие беру, ана тілін құрметтеу. Акцияның міндеті – қазақ әдебиетін кеңінен насихаттап, халықтың оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, сонымен қатар жас ұрпақтың интеллектуалды және рухани дамуына үлес қосу.
24 қараша күні «Ресей Казахстан. Шексіз оқулар». Жобасы аясында ұйымдастырылған балалар мен ересектерге арналған «Узнаем друг друга! Книгами!» VI халықаралық оқырмандар форумы өз жұмысын аяқтады.
«Ресей Казахстан. Шексіз оқулар» халықаралық жобасы 2014 жылы бастау алған болатын. Алты жыл ішінде үлкен және маңызды жұмыстар атқарылды. Шемонаиха ауданында балалар кітабының халықаралық орталығы ашылды, оның оқырмандары жыл сайын Ресейдің балалар жазушылары мен баспаларынан жаңа кітаптарды тағатсыздана күтеді. Біздің кітапханашылар Ленинград облыстық балалар кітапханасымен (ЛОДБ) және Пушкин үйімен ынтымақтастықта "отбасылық оқудың антропологиясы" зерттеулеріне қатысып, Шығыс Қазақстан оқырмандарының тәжірибесін Санкт-Петербургтегі халықаралық конференцияларда ұсынды. Ленинград облыстық балалар кітапханасымен ынтымақтастық аясында Сергей Махотин, Лариса Романовская, Мария Семенова, Евгений Рудашевский сияқты ресейлік жазушылармен кездесулер өткіздік.
Виртуалды қосымша көмек – мектептегі қосымша тапсырмалар: кластер, эссе, реферат, жоба, шығармашылық жұмыс және т.б. бойынша ақпарат іздеуге көмектеседі. Тапсырыстар 5-9 сынып оқушылары, ата-аналар мен ұстаздардан да қабылданады.
ВИРТУАЛДЫ ҚОСЫМША КӨМЕК ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
- Қосымша көмек дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00 -18.00 дейін жұмыс істейді.
- Тапсырысты This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштасына жібересіздер;
- Оқушының үй тапсырмасының нақты тақырыбы бойынша Сіздің өтініміңізге кітапхана қызметкерлері қажетті әдебиеттер, газет пен журналдардан алынған материалдарды, интернет-ресурстарды іріктеп, жібереді.
- Виртуалды қосымша көмек - кітапхананың ақысыз қызметі.
ТАПСЫРЫС БЕРУШІ ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ
- Әдебиеттер тізімі;
- Ақпаратты өз бетімен алу үшін Интернет желісіндегі дереккөзге сілтемелер тізімі;
- Сандық нұсқаға көшірілген кітап көшірмесінің 30% немесе мерзімді басылымнан алынған мақаланың толық нұсқасы;
- Жауап электронды поштаға жіберіледі
- Орындау уақыты тапсырыстың күрделілігіне байланысты.
Кітапханашылар баланың үй тапсырмасы үшін алған бағасына
жауап бермейді.
ВИРТУАЛДЫ ҚОСЫМША КӨМЕК НЕНІ ОРЫНДАМАЙДЫ?
- реферат пен шығарма жазбайды;
- мектеп жобаларын жасамайды;
- математика, физика, химия және т.б. пәндер бойынша есеп шығармайды.
Пушкин кітапханасы Виртуалды қосымша көмек қызметін ұсына отырып, оқуда сәттілік тілейді!