Ертегінің тәрбиелік және көркемдік-эстетикалық мәні зор. Ертегі баланың ой-қиялын ұштайды. Ал баланың кітап оқуға деген қызығушылығы әріп үйренуден басталады. Әріп танитын балаға сөздерді буынға бөліп оқыту қажет. Буынға бөлуді үйренген оқушы сауатты жазады, сөзде неше дыбыс, неше әріп бар екенін ажырата алады. Осы орайда төмендегі "Бу-ын-ға бө-ліп о-қи-мын" топтамасының көмегі ерекше. Бұл топтаманы біздің кітапханадан келіп алуларыңызға болады.
#pushkinlibrary #Пушкинкітапханасы #білімбөлімі #буынғабөліпоқу
Құрметті оқырман қауым! Сендерге "Ұлан" газетінің кезекті санын ұсынамыз!
Жаңа газеттің санында:
- Газеттің ең бірінші бетінде ағылшын тілінде кітап жазып жүрген он жасар Байжанмен танысасыңдар.
"Ата-ана бұрышы" айдарынан. "Булинг: ата-ана баласына қалай көмектесе алады?"
Назым Сапарованың мақаласында - ата-аналарыңмен бірге буллингтің басталуы, себебі мен ата-ана баласына қалай көмектесе алатыны туралы психоаналитик Қарлыға Бүгенбай әңгімесімен танысыңдар .
Балалар, "Ұлан" газетінде қызықты әңгімелер, өлеңдер, сканворд, қуанышты жаңалықтарды таба аласыңдар.
Балалар, егер "Ұлан" газеті ұнаса, онда кітапхананың құжатты электронды жеткізу (ЭДД) қызметіне тапсырыс беру арқылы оқи аласыңдар. Кітапханаға да келіп оқуға болады.Біз сендерден тапсырыстар күтеміз.
http://pushkinlibrary.kz/kz/servise/seddkz.html
#ПушкинКітапханасы #PushkinLibrary #БізБіргеміз #БіргеОқимыз #БілімОрталы
#ЗалСпециализированныхУслуг #БезбарьернаяБиблиотека
#Ұлангазеті #Робототехника #ПсихоаналитикҚарлығаБүгенбай #Сканворд
Қайырлы күн, кішкентай оқушылар. Біз сендерге арналған қызықты, танымдық. "Айгөлек" журналын ұсынамыз!
"Айгөлек" - 21-ғасыр балаларының ой-сана, қызығушылық, талап-талпынысы толық ескерілетін басылым. Осы журналда "Қазақ тану" айдарынан қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі аса бай екенін, оның көркем әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алғанын оқисыңдар. Қазақ киімдернің сүретін көріп, тарихын танып, есте сақтап жүріңдер, балақайлар! Және де, "Қазағымның дастарханы-ай" айдарынан қазақ ұлттық тағамдарымен танысасыңдар.
Балалар, "Айгөлек" журналы қызықтыратын болса, онда кітапхананың құжатты электронды жеткізу (ЭДД) қызметіне тапсырыс беру арқылы оқи аласыздар. Біз сіздерден тапсырыстар күтеміз.
http://irbis.pushkinlibrary.kz:8087/jirbis2/index.php?option=com_irbis&view=irbis&Itemid=115&lang=ru
#Айгөлек #Балаларжурналы #Балалароқуынқолдаужылы #Балаларәдебиеті
Құрметті оқушылар! Бүлдіршіндер мен сәбилерге арналған "Балдырған" журналын ұсынамыз!
Журналдың осы санынан: Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл!
Тәуелсіздік шежіресімен танысып, оны жаттап алұға да болады.
Биыл 80 жасқа келіп отырған белгілі жазушы Ұзақбай Доспанбетов аталарыңның сендерге арнап жазған хатын оқисыңдар. Жазушы Ұзақбай аталарыңа хат жазып, құттықтап, ризалықтарыңды білдірүді ұмытпағайсыңдар, балалар!
Ал күй аңыздарымен сендерді Серікбай Оспанұлы қызықтырады.
Ән сүйер балаларға осы жұрналда "Құлпырады қыр төсі" әнді оқып жаттауға болады.
Және "Балдырғанның" сурет галереясын тамашалайсыңдар.
Балаллар, судың бетіне ұя салатын құс болады екен. Оны білесіңдер ме? Білмесеңдер, осы журналды оқуға асығыңдар!
"Балдырған" журналында қызықты, тартымды тақырыптар көп: ертегілер, өлеңдер, әңгімелер, логогрифтер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар.
Балалар, "Балдырған" журналын кітапхананың құжатты электронды жеткізу (ЭДД) қызметіне тапсырыс беру арқылы оқи аласыздар. Біз сіздерден тапсырыстар күтеміз.