#ПушкинКітапханасы#БиблиотекаПушкина#ЕралыныңЕртегілері
Бүгін көңілге қуаныш, жанға жылу толтыратын тамаша мереке халықаралық кітап сыйлау күні. Осы атаулы күнге орай кітапханамыз "Шығыс Балдырған" балабақшасының бүлдіршіндеріне қызықты ертегі, әңгіме кітаптарды сыйға тартты. Сәйкесінше балабақша ұжымының директоры Фарида Сейітхановна, әдіскер Эльвира Көкеновна және тәрбиеші апайларымен бірге ересек тобының балалары бізге де тамаша кітаптарды тарту етті. Болашақ бүгіннен басталады. Ал біздің болашағымыз осы өсіп келе жатқан балапандарымыз. Балаларымыздың көңіл көкжиегі кеңейе берсін!!!
https://www.facebook.com/100057339663571/videos/pcb.3296608523984562/1546490105859807
#ПушкинКітапханасы #БілімОрталығы #ШынЖүректенКітапСыйла #14ақпанХалықаралықКітапСыйлауКүні #ШығысБалдырғанБалабақшасы
#БалаларБолашағымыз
2022 жылдың 22 желтоқсаны күні 14.00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Ертегі – ғажайыптар әлемі» атты балалар шығармашылық байқауы мен дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылатын «Кітап оқу көшбасшысы – 2022» облыстық байқауының марапаттау рәсімін өткізді.
Салтанатты марапаттау рәсімінде үміткерлердің сайысқа жіберілген үздік жұмыстары көрсетіліп, би билеп, ән шырқалды. Одан бөлек, балаларға арналған кітапхана қорына жаңадан келіп түскен кітаптардан келушілер назарына арнайы кітап көрмесі ұсынылды. Сондай-ақ «Жылдың үздік ұстазы», жыл көлемінде кітапханамен тығыз байланыс орнатып, балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға баулыған «Үздік мектеп кітапханашысы» мен «Жылдың үздік белсенді отбасы» да осы кеште анықталды.
Сайысқа жіберілген жұмыстардың электрондық нұсқасы
Бүгін А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Қазақстандағы «Балалар жылы» аясында жерлес жазушы Оралбек Булжановтың «Балабақшада» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Оралбек Рәбілұлы Булжанов, кітап авторы, ақын, аудармашы, сазгер, әнші, термеші.
Кітап "Балабақша гимні" ән-өлеңімен басталып балабақшада өтетін әр бір мерекеге арналады. Сонымен қатар балаларға арналған шағын әңгімелер, аударма өлеңдер, әр түрлі тақырыптарды қамтитын тақпақтар мен қызықты жұмбақтарға толы.
Оралбек Рәбілұлының биылғы балалар жылына орай шыққан, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге және бастауыш сынып оқушыларына арналған «Балабақшада» кітабы балаларға арналған нағыз базарлық болып отыр.
Автордың бұл кітабында енген балалардың тілін, ойлау қабілетін дамытуға арналған туындыларын балаларыңыз бен немерелеріңізге оқып беруге асығыңыздар.
#БалаларЖылы #БалаларӘдебиетініңЖылы #Балабақшада #КітаптыңТұсаукесері #ОралбекБулжанов