Тілді ауыстыру / Переключение языков

 Біз әлуметтік желідеміз:
fb  vk  yt ins

kids

 

pr book

Электронды каталог

nbk

kr k

Оқуға ұсынамыз

«
»

Біздің өрендер

Қітапханаға жазылу

Журнал "Айтшы, әжетай"

Ajetai4Журнал "Айтшы, әжетай"
Кішкентай бүлдіршіндерге арналған "Айтшы, әжетай" мәдени-танымдық журналын ұсынамыз!
Осы журналда оқитындарыңыз өте маңызды, балалар.
Оқушылар қаламынан шыққан әңгімелер, өлеңдер, қызықты деректер оқып,"Айтшы, әжетай" журналының сөзжұмбағын, ребус-сканвордын шешіп, логикалық сұрақтарға жауап беріп миға жаттығу жасауға болады, балақайлар!
Кітапханаға келіп, газет, журнал, кітап алып оқуға болады! Біз де сіздерді күтеміз, бүлдіршіндер!
Балалар, сіздерге арналған әртүрлі қызық ертегі-жұмбақтар мен өлеңдерге толы газет-журналдар, кітаптар бар біздің кітапханада, оқуға асығыңыздар!

Айтшы, әжетай

Aitsu ajetaiAitsu ajetai2Журнал "Айтшы, әжетай"
Кішкентай бүлдіршіндерге арналған "Айтшы, әжетай" мәдени-танымдық журналын ұсынамыз!
Осы журналда оқитындарыңыз өте маңызды, балалар.
Оқушылар қаламынан шыққан әңгімелер, өлеңдер, қызықты деректерді оқып, "Айтшы, әжетай" журналының сөзжұмбағын, ребус-сканвордын шешіп, логикалық сұрақтарға жауап беріп миға жаттығу жасауға болады, балақайлар!
Кітапханаға келіп, газет, журнал, кітап алып оқуға болады! Біз де сіздерді күтеміз, бүлдіршіндер!
Балалар, сіздерге арналған әртүрлі қызық ертегі-жұмбақтар мен өлеңдерге толы газет-журналдар, кітаптар бар біздің кітапханада, оқуға асығыңыздар!

 

Журнал "Балалар әлемі" №6/2021ж.

Balalar alemi 05 21Қадірлі балақайлар! Сендерге өте қызықты да тартымды "Балалар әлемі" журналын ұсынамын!

"Балалар әлемі" журналдың санында:
"Жануарлар әлемі" айдарынан тек Африкада тіршілік ететін сүтқоректі цивета жануармен танысасыңдар. Африкалық циветаның бет-әлпеті итке, дене бітімі мысыққа ұқсайды, бірақ аяқтары - қысқа, ұзын әрі ішке қарай бүгілген тырнақтары болады.

Цивета жануардың салмағы, ұзындығы, өмір-тіршілігі тұралы осы "Африкалық цивета" мақаласынан оқып біле жүріңдер, балалар.

-"Әзіл оспақ" айдарынан менің көңілімді көтерген ана мен қызының "Айлар" диалогы. Мен диалогты ортасынан бастап оқып түсінбей қала жаздадым. Маған қыздың жауабы өте ұнады. Ал, балалар, сендер қалай оқисыңдар әңгімелерді? Басынан бастап па, әлде ортасынан іліп, соңын оқып, қызықтырса қайта оралып басынан бастап оқисыңдар ма? Жалпы газет-журналдарды оқисыңдар ма?

Балалар, "Балалар әлемі" журналы қызықтыратын болса, кітапхананың құжатты электронды жеткізу (ЭДД) қызметіне тапсырыс беру арқылы оқи аласыңдар. Және де кітапханадан алып оқуға болады. Біз сендерді күтеміз!

http://pushkinlibrary.kz/ru/servise/sedd.html

#БиблиотекаПушкина #ПушкинКітапханасы #PushkinLibrary #БіргеОқимыз #ЧитаемВместе 
#ЖурналБалаларӘлемі #ЖұмағалиСаин #Қазақбатырлары #Шешендер #ШипалыӨсімдіктер #ЖануарларӘлемі #Әңгіме #Сөзжұмбақ #Әзілоспақ #Спорт

"Ұлан" газеті № 23/2021 жыл

Ulan 23 2021Құрметті оқырман қауым! Сендерге "Ұлан" газетінің кезекті санын ұсынамыз!
Осы газетте "Шетелдік сегіз оқу орнына шақырту алды" атты мақаладан Алтынай Жигитаеваның АҚШ-тың 4 универсиетінен, Канада, Оңтүстік Корея, Италия сияқты елдердің ең үздік оқу орындарынан сәулет дизайны бағыты бойынша оқуға шақырту алғаны тұралы оқисыздар.
Сонымен қатар сіздерді "Жарқын жаз" айдары қызықтырады деп ойлаймыз.
Балалар, "Ұлан" газетінде қызықты әңгімелер, өлеңдер, сканворд, қуанышты жаңалықтарды таба аласыңдар.
Балалар, егер "Ұлан" газеті ұнаса, онда кітапхананың құжатты электронды жеткізу (ЭДД) қызметіне тапсырыс беру арқылы оқи аласыңдар. Кітапханаға да келіп оқуға болады. Біз сендердерден тапсырыс күтеміз.

http://pushkinlibrary.kz/kz/servise/seddkz.html

#ПушкинКітапханасы #PushkinLibrary #БізБіргеміз #БіргеОқимыз  #Ұлангазеті #Абай #Сканворд

БАЛАҚАН №2/2021

Balakan 2 21Balakan 2 2021Қадірлі оқырмандар! А.С.Пушкин атындағы кітапхана оқырмандардың назарына қызықты, танымдық "Балақан" журналын ұсынады!
Осы журналда:
Ертегілер әлемінде
- "Тәкаппар жарқанат" атты Америкалық үндістердің ертегісін оқисыңдар.
- Қызықты деректер мен логикалық ойындар қызықтырады.
Балалар, "Балақан" журналынан алынған фото суреттерге комментарий арқылы сұрақтарына жауап беруге болады. Әдемі суреттерге қарап сурет салуға да болады.


Біз сендерді асыға күтеміз! http://pushkinlibrary.kz/ru/servise/sedd.html

 

#БиблиотекаПушкина #ПушкинКітапханасы #PushkinLibrary #БізБіргеміз #БіргеОқимыз #ЖурналБалақан

clubd

Клубтар мен

үйірмелер кестесі

Толығырақ...

tv det

Балалар

шығармашылығы

Толығырақ...

sprosy

Кітапханашыдан сұра

Толығырақ...

tree1