SUPER Б’АЛАҚАЙ онлайн жобасының кезекті қатысушысы - Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебінің" 3 сынып оқушысы Пазылбекұлы Ералы. Ералы 3 жасында кітапқа деген қызығушылығы артып, 4 жасында кітапты мүдірмей оқып, айналасындағыларды таң қалдырды. 5 жасында өз жанынан құрастырып, өлең шығара бастады. Ол спорт үйірмелеріне қатысып, өзінің спорт шебері екенін де танытып жүр. Өзінің осындай қабілеттерімен өз қатарларынан ерекшеленген Ералыны супер балақай деп айтуға толық болады.
SUPER Б’АЛАҚАЙ онлайн жобасының кезекті қатысушысы - Рамина Дәуренқызы 5 жаста. Раминаның мінезі ашық, жүрегі кең – пейілді, ақкөңіл,салмақты сабырлы, мейірімі мол, достарының арасында беделі бар бала. Балабақша шараларына белсенді қатысып, оған аса жауапкершілікпен қарайды. Рамина ертегі, аңыз, тұрмыс-салт, тарихқа байланысты мағлұматтарды зор көңілмен қызыға тыңдағанды ұнатады. Рамина көпбалалы отбасынан шыққан, ол бақшадан тыс уақытта ата – анасына үй шаруасымен көмектеседі. Әсіресе тәтті тоқаш, кекс, печенье пісіруді ұнатады. Өзге адамдармен тез тіл табысады. Қамқор, көмегі қажет болған адамдарға қол ұшын беруге даяр тұрады. Ақкөңіл, үнемі күліп, көңілді жүреді. Ол өз ойын, пікірін ашық, анық жеткізеді. Рамина сурет салғанды қатты ұнатады, әдемілікке жаны құмар.
«Отбасыммен бірге оқимын» отбасылық кітап оқу сайысына қатысушылар Томантаев Дәурен қызы Дәурен Раминамен.
Бүгін А.С. Пушкин атындағы кітапханада балалар жазушысы, ақын, ұстаз, жерлесіміз Күлмай Сембаевамен қызықты кездесу өтті. Кездесуге "Шығыс Балдырған" балабақшасының мектепалды даярлық топ балақандары өз ата-аналарымен, педагогтарымен келді.
Күлмай апай балақандардың сұрақтарына жауап беріп, өз өмірі, шығармашылығы жайлы әңгіме айтты. Ақынның жаңа шығармалары таныстырылды.
Балақандар ақынның әр түрлі тақырыптағы: "Менің елім", "Үй жануарлары", "Құстар", Күн кестесі", "Бос уақытта" т.б өлең, тақпақтарын жатқа оқыды.
Кітапхана мамандары "Бұзау мен маса" өлеңінен көрініс қойды.
"Шығыс-Балдырған" балабақшасының директоры Орақбаева Фарида Сейтханқызы кітапхана ұжымына әсерлі кездесу үшін ризашылығын айтты. Немересін әкелген ақ жаулықты әже өз батасын берді.
Күлмай апайымыздың шығармашылығына табыс тілей отырып, алғыс айтамыз. Ақын жерлесіміз әліде балақандарды қызықты, жаңа шығармаларымен қуантатынына сенімдіміз!