Тілді ауыстыру / Переключение языков

 Біз әлуметтік желідеміз:
fb  vk  yt ins

kids

 

pr book

Электронды каталог

nbk

kr k

Оқуға ұсынамыз

«
»

Біздің өрендер

Қітапханаға жазылу

Жас ұрпақты кітап оқуға баулу

«Оқуға құштар-мектеп, оқуға құштар ұлт» жобасы бірнеше жылдың көлемінде жалғасып келеді. Аталмыш жобаны мақсатты түрде жүзеге асыруда кітапхананың атқарар рөлі зор. Білімнің биігіне жету жолында жас ұрпақты кітап оқуға баулу-біздің міндетіміз. Бүгін осы жобаның аясында кітапханамызда Өскемен қаласындағы №45 мектептің 1-сынып оқушылары кітапханамызға оқырман болып тіркеліп, кітапхана ішінде саяхаттап, білім орталығында жұмыс жасап жатқан түрлі үйірмелермен танысып, үлкен әсер алды. 
1 22 3 22 2 22 4 22

Алақай, сайыс!

V mire skazok kaz«Ертегі - ғажайыптар әлемі»
Қазақстандағы «Балалар жылы» мен «Балалар әдебиеті жылына» орай ұйымдастырылған байқау 

ЕРЕЖЕ

Рухани білімнің, рухани мәдениеттің ауадай қажеттігі, маңыздылығы ешқашан мәнін жойған емес. Адам баласы сол байлықтың көзін әрқашан да «кітап» деген құдірет пен «кітапхана» деген киелі мекеннен тапқан.
Сондықтан да баланың парасатты, білімді, жан-жақты адам болып қалыптасуындағы кітапхананың ролі өте зор екені сөзсіз.

1. Байқаудың қатысушылары мен ұйымдастырушылары:
1.1. «Жақсы кітап – жан азығы» облыстық онлайн байқауын (бұдан әрі – Байқау) ШҚО мәдениет басқармасының «А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасы» КММ ұйымдастырады.
1.2. Конкурс координаторы – А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының Білім орталығы;
1.3. Байқауға 6 жастан жоғарғы барлық облыс азаматтары қатыса алады. Толығырақ...

Кітап оқу көшбасшысы - 2021

Nugumanova9Желтоқсан айының соңында жыл көлемінде өткен «Отбасыммен бірге оқимын» және «Кітап оқу көшбасшысы-2021» атты кітап оқу сайыстарының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар салтанатты марапатталды.

Облыстық «Отбасыммен оқимын» отбасылық кітап оқу сайысының «Әкем, анам және мен – отбасымыз оқырман» атты номинициясын ШҚО, Тарбағатай ауданы, Маңырақ ауылының Мұқаевтар жанұясы жеңіп алды. Ал, «Кітап даналығы немесе балалық шағымның сүйікті кітабы» номинациясын Өскемендік оқырманымыз Буньков Егордың отбасы иеленді.

Биылғы жылы «Оқырман көшбасшы-2021» сайысына 870 белсенді балалар мен жасөспрімдер қатысып 3814 кітап оқыды. Олар жас ерекшелігіне қарай 2 санат бойынша топтастырылып (6-10 жас және 11-15 жас), жеңімпаздар анықталды.

Сайысқа қатысушылар оқыған кітаптары мен өздері туралы, олардың өміріндегі кітаптардың рөлі туралы бейнепрезентациялар дайындады.

Жеңімпаздар төмендегідей:

1 санат: 6-10 жас аралығында Ш.Құдайбердиев атындағы №1 орта мектебінің 3 сынып оқушысы Шарыпқан Алима мен №35 мектептің 3 сынып оқушысы Кыдырмолдин Фарид.

2 санат: Ш. Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің 7 «б» сынып оқушысы Бекзат Іңкәр және Д. Қонаев атындағы орта мектептің 9 «б» сынып оқушысы Шахватова Виктория.

  Alima Lider21  Shahvatova  Inkar  Farid  Mukaievtar

#ОтбасымменБіргеОқимын #pushkinlibrary #ОтбасылықСайыс #БалаларӘдебиетіЖылы #КітапОқуКөшбасшысы 

Балашақты кестелеген қаламгер

NugumanovaА.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасы үшін 24 желтоқсан күні өте қуанышты, әсерге толы күн болды десек болады. Себебі, дәл осы күні қазақ әдебиетінің өскелең бұтағы - балалар әдебиетінің жаңа буыны, «Жоғалған ұйқы» атты балаларға арналған кітаптың авторы - балалар әдебиетінің жанашыры, филолог, ұстаз, аудармашы, жазушы әрі ақын, жас қаламгер Нұғыманова Кәмшат Әбілғазықызымен кездесу кеші өтті.

 

Nugumanova2  Nugumanova1  Nugumanova3  Nugumanova5  Nugumanova6  Nugumanova7  Nugumanova8

 

#ОтбасымменБіргеОқимын#pushkinlibrary#БалаларЖазушысы#ОтбасылықСайыс#ЖазушыменКездесу#БалаларӘдебиетіЖылы#КітапОқуКөшбасшысы#НұғымановаКамшатӘбілғазықызы

SUPER Б’АЛАҚАЙ. Пазылбекұлы Ералы

SUPER Б’АЛАҚАЙ онлайн жобасының кезекті қатысушысы - Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебінің" 3 сынып оқушысы Пазылбекұлы Ералы. Ералы 3 жасында кітапқа деген қызығушылығы артып, 4 жасында кітапты мүдірмей оқып, айналасындағыларды таң қалдырды. 5 жасында өз жанынан құрастырып, өлең шығара бастады. Ол спорт үйірмелеріне қатысып, өзінің спорт шебері екенін де танытып жүр. Өзінің осындай қабілеттерімен өз қатарларынан ерекшеленген Ералыны супер балақай деп айтуға толық болады.

clubd

Клубтар мен

үйірмелер кестесі

Толығырақ...

tv det

Балалар

шығармашылығы

Толығырақ...

sprosy

Кітапханашыдан сұра

Толығырақ...

tree1