Тілді ауыстыру / Переключение языков

 Біз әлуметтік желідеміз:
fb  vk  yt ins

kids

 

pr book

Электронды каталог

nbk

kr k

Оқуға ұсынамыз

«
»

Біздің өрендер

Қітапханаға жазылу

"Сиқырлы қылқалам" шеберлік-сабағы

Бүгін 6 сәуір күні облыстық кітапхананың "Ертегілер әлемі" Балалар кітабы апталығының ұйымдастырушылары. А.С. Пушкин "Жұлдыз" балалар өнер мектебімен бірлесіп "Білім орталығы" залында "Сиқырлы қылқалам" ертегі кейіпкерлері бойынша сүйікті ертегі кейіпкерлерін салудан шеберлік-сабағын өткізді.

Ris1 Ris2 Ris4 Ris5 Ris3 

 

 

Балаларға арналған танымдық мерекелік апталық

4 сәуір күні Пушкин атындағы облыстық кітапханада балаларға арналған «Ертегі әлеміне саяхат» атты танымдық мерекелік апталықтың ашылуы өтті. Кішкентай қонақтарымызды сүйікті кітаптарының ертегі кейіпкерлері қарсы алды. Ертегі кейіпкерлері балалармен бірге ертегілерден өлеңдер мен үзінділер оқып, викториналар шешіп, ашық микрофонда ән шырқады.

otkritie 1 1 otkritie 1 4 otkritie 1 7 otkritie 1 9 otkritie 1 13 otkritie 1 18

Мерген қыз (ертегі)

 
Suret Kamshat AbulgazinovaАвторы: Камшат Нұғыманова, Суретін салған: Қанат Жарас.
 
Ерте ерте ертеде, шалғынды жазық мекенде адамдар өмір сүріпті. Бұл мекенде өмір сүру тым қауіпті болған. Қасқыр, аю, жолбарыс секілді аңдар адамдарға жиі шабуыл жасап, жас пен кәрінің зәре-құтын алып бітеді. Ол аздай ұзындығы үш күндік жерге жететін алып жылан болған екен. Жылан жан-жағындағыны жалмап, адамдардың мекеніне күнен-күнге жақындап келе жатады. Жыланға қарсы тұрарлықтай қауқарлары жоғын білген жердегілер тірі қалудың жолында ойдан қырға, қырдан ойға көшумен болады. Адамдардың арасында көпті көрген, жасы мыңға тақаған қария болады.Қарияның көзі көрмейтін көр соқыр. Күндердің бір күнінде қария ауыл-аймағын шақырып, тақау арада көз жұматынын айтады. Сонымен бірге аса құпия сырымен бөліседі.
Биік таудың құзар басында ақ түсті барыс мекендейді. Ол барыс жайдан жай аң емес. Ол күндіз барыс болса, түнде көзінен от шашқан жауынгерге айналады. Егер кімде-кім сол ақ барысқа жетіп, жауынгерлік қабілетінен сабақ алып келсе елімізді аман алып қала алады. Тек естеріңде болсын оған жету оңай шаруа емес. Сендердей қылшылдаған жас кезімде мен де барып өз көзімнен айырылып қайттым. Көзімнің көрмейтіні сондықтан.
 

Бір жылда 100 кітап оқыған тоғыз жасар бала - Алима

AlimaБіздің кішкентай тұрақты оқырманымыз, "Кітап оқу көшбасшысы-2021" кітап оқу сайысының жеңімпазы - Шарыпқан Әлима.

9 жастағы Алима Шарыпқан бір кітапты үш-төрт күнде-ақ оқиды екен. Қажет десеңіз кітаптағы хикаяның желісін жатқа айтып береді. Оның кітап оқуға деген құштарлығын әжесі оятқан. Осының арқасында ол озат оқушы атанды. Тіпті, А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ұйымдастырған «Кітап оқу көшбасшысы» сайысының жеңімпазы болды.

Кітап оқуды апам үйретті. Жатарда ылғи «Жеті лақ» ертегісін оқып беретін. Апам әрқашан маған «Көп кітап оқысаң, әке-шешең секілді мектепті кілең бестікке бітіресің. Сосын университеттен қызыл диплом алып шығасың» дейтін. Ең бірінші «Түймедақ» ертегісін оқыдым. Өзіме қатты ұнады, – дейді Алима. Алима – Өскемендегі Шәкәрім атындағы №1 орта мектептің 3А сынып оқушысы. Ол тек қазақ тілінде емес, орысша да, ағылшынша да кітаптарды оқиды. Алима жыл бойына 100 кітап оқып тастаған. Себебі ол әділқазылар алқасының әр туынды жайлы сұрақтарына еш кідірместен жауап берген. Сөйтіп, бірауыздан Алима жеңімпаз атанған. Қызығы Алима тұсауын кескенде алдындағы көп заттың ішінен кітапты таңдап алыпты. Енді міне, қолынан кітап түспейді.

Дарынды бала - Ералы

Өткеніңді білмей, болашағыңды бағамдай алмайсың...

Егемен елдің ертеңін ойлар жас ұрпақтың бойынан табылу қажет қасиетті біздің кішкентай оқырманыздан көре алдық. Тәуелсіздіктің тұғырын, халқымыздың ғұмырын қадірлейтін ұрпақ тәрбиелеу -ел міндеті. Егемен елдің ұрпағы ретінде халқымыздың тереңнен жайған тамырын тарих беттерінен көріп, отансүйгіштік қасиетін үлгі еткен оқырманды көру-біз үшін үлкен мақтаныш.

Eraly  Eraly2  Eraly3
 

https://www.instagram.com/eraly_pazylbek/

#Pushkinlibrary#SuperБалақай2021#ОқырманҰсынады#Лего#ЕлҮміті#БіздіңБолашақ#ЖарқынБолашақ#БілімдіҰрпақ#ТөлТарих

clubd

Клубтар мен

үйірмелер кестесі

Толығырақ...

tv det

Балалар

шығармашылығы

Толығырақ...

sprosy

Кітапханашыдан сұра

Толығырақ...

tree1