Балалар, әр күндерің көңілді өтсін деген ой-тілекпен сендерге арналған "Балдырған"журналын ұсынамыз. Бүлдіршіндер мен сәбилерге арналған "Балдырған" журналында, балалар, өздеріңді қызықтыратын тақырыптың бірі - жазушылардың шығармашылығы. Белгілі балалар жазушысы, аудармашы Қабыш Жәркеновтің туғанына 90 жыл.
Шығыс Түркістанда дүниеге келген Қабыш Жәркенов аталарың атамекенге оралған соң Қазақтың Мемлекеттік университетінің филолигия факультетін бітіріп, көп жылдар бойы ауылда ұстаздық қызмет еткен. Оның тағылымға толы ұстаздық еткен жылдары оқушы балалардың іс-әрекетін, мінез-құлқын зерттеуге мол мүмкіндік жасады.Сондықтан да оның балаларға арналған "Мінезді аға", "Айналайын", "Көңілді жаз", т.б. кітаптарына енген әңгімелері мен хикаяттары оқырмандарын өзінің шынайлығымен баурап алады.
Кәнеки, балалар, туғанына 90 жыл толып отырған жазушы Қабыш Жәркеновтің "Мұзойнақта" атты әңгімесін оқып тамашалауға шақырамыз.
"Балдырған" журналында қызықты, тартымды тақырыптар көп: ертегілер, өлеңдер, әңгімелер, логогрифтер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар.
Қызықты әңгімелер мен ертегіге тоймайтын, және жаңылтпаштарды, өлеңдерді жаттауды ұнататын бала болсаң, "Балдырған" журналы - саған!