Тілді ауыстыру / Переключение языков

 Біз әлуметтік желідеміз:
fb  vk  yt ins

kids

 

pr book

Электронды каталог

nbk

kr k

Оқуға ұсынамыз

«
»

Біздің өрендер

Қітапханаға жазылу

Әкесінің қызы

hasan s kesn yzy   Оқырманын өзіне тарта түсетін бірнеше артықшылығы бар Серікбол Хасанның «Әкесінің қызы» кітабын оқуға ұсынамыз. Себебі, шығармалар мазмұнды және  тәрбиелік мәні жоғары, дизайны мен әсем де сапалы беттелген. Кітапқа енген қырыққа жуық өлеңнің барлығы да әке мен қыз бала арасындағы нәзік қарым-қатынасты шебер аша алады. Өлеңдердің тілі жеңіл, көлемі шағын. Салынған суреттер де хат танымайтын балаға да бірден түсінікті болып, әр өлеңнің мазмұнынан хабар беріп тұрады екен.

Құрметті оқырман, сіздерге де бұл кітаппен танысуға, балаларыңызға оқып беруге, тіпті жаттатуға да кеңес береміз

Менің атым Қожа

menim_atym_koja

 

"Менің атым Қожа" 

Қазақстанның ең үздік балалар повестерінің бірі «Менің атым Қожа».
Бұл - сотқар бала туралы қызықты шығарма. Қазір ондай тентектерді «қиын бала» деп атайды. Қожа сотқар болғанымен өзіне жетерлік ақылы бар. Алайда өзіне күлкілі көрінгенімен, кейде жолдастарына жақпайтын қылықтары үшін жайсыз оқиғаларға тап болады. Көркем туындыда ауыл өмірі, ауыл балаларының мінез-құлық, арман-мақсаты шынайы да шырайлы бейнеленген. «Менің атым Қожа» шығармасын оқығанда әркімнің балалық шағы есіне түсетіні сөзсіз. Балалық шағыңызға тағы бір саяхат жасағыңыз келсе, көрнекті жазушы Б.Соқпақбаевтың жаңадан өңделіп басылып шыққан кітабын оқыңыздар!

#Рushkinlibrary #Пушкинкітапханасы #МеніңатымҚожа #БердібекСоқпақбаев #балаларәдебиеті #балаларжазушысы

Қазақстан халықтарының ертегілері

ertegi alemҚадірлі ертегі сүйер қауым! Сіздерге Б. Қайымованың "Қазақстан халықтарының ертегілері" кітабын ұсынамыз!
Ертегі - қандай да бір халық ауыз әдебиетінің аса шұрайлы, тәлім-тәрбиелік маңызы орасан зор, өскелең ұрпақты өз елі мен ұлтының тарих-тағлымы, салт-санасы, дәстүр-ұлағатына етене жақын баурай түсетін ерекше жанр. Егеменді елімізде бір ананың егіз емген балапандарындай өркендеп өсіп келе жатқан әрбір ұлт пен ұлыстың өскелең ұрпақтары да өзара етене жақын өсулері үшін осы бір тәлімді тәмсілдерден сусындап, бір-бірінің тарихы мен тағлымын, салты мен дәстүрін осы ертегілерден оқып, тұшына білгені абзал.
Жинақтағы ертегілер - егемен Қазақстан жерін мекен еткен бауырлас халықтардың ежелгі ауыз әдебиеті жаhұттарының озық үлгілерін ұсынған.

Қазақстан халықтарының ертегілері:
(Ұйғыр, Дұнған, Әзірбайжан, Белорус, Шешен-Ингуш, Украин).

(Құрастырып, орыс тілінен тәржімалаған Бибісара Қайымова).

Құрметті оқырман! Сіздерді қызықты, тартымды, танымды кітаптар, газет-журналдар А.С. Пушкин атындағы кітапханасында күтуде!

http://pushkinlibrary.kz/ru/servise/sedd.html
#ПушкинКітапханасы #PushkinLibrary #БізБіргеміз #БіргеОқимыз #БілімОрталығы #КітапҚазақстанХалықтарыныңЕртегілері

Ыбырай атамның әңгімелері

ibiraiЫбырай атамның әңгімелері – Комикс үлгісінде жасалған әңгіме-ертегілер / құрастырған Битан А. – Астана, 2018. – 32 б.
Ұлтымыздың ұғымындағы ең құрметті тұлғалардың бірі, ұстаз Ыбырай Алтынсары балаларға арнап бірнеше ертегі, әңгіме жазып кеткен. Олардың көбі осы уақытқа дейін оқулықтарға, әртүрлі кітаптарға еніп келді, мультфильмдер де түсірілді. Енді құрастырушылар сол ертегі, әңгімелерді комикс үлгісіне көшіріп, суреттерін салып, мәтіндерін осы жанрға бейімдеп оқырман қауымға ұсынып отыр. Адамгершілік, еңбекқорлық, өмірсүйгіштік сияқты қасиеттерді насихаттайтын шығармалар таңдап алынған. Кітап балаларға, ата-аналарға және әжелерге арналған.

Шатақ қыздың шатпақ күнделігі

shatak kizДомбайжы, Н.
Шатақ қыздың шатпақ күнделігі / Нұр Домбайжы. – Астана : Фолиант, 2019. – 128 б.
Оқуда алғырлық танытпайтын, қашан көрсең біреумен ренжісіп жүретін, тіпті ешкіммен дұрыс араласпайтын құрбың бар ма?
Біздің Бүш те сондай еді, шашы ұйпа-тұйпа болып, қолына түскенін киіп кете баратын. Қыздардан гөрі ұлдармен дос болып, футбол ойнағанды ұнататын. Ал анасы үнемі: «Кәдімгі қыздар сияқты жүрсеңші», — деп ренжитін...
Күндердің күнінде өзін қолға алмақ болып, Бүш күнделік жаза бастады. Сөйтіп өзгеру жолындағы жеңістері мен жеңілістерін күнделігімен бөлісіп отырды. Қалай ойлайсыз, бұл оның қолынан келер ме екен?

 

clubd

Клубтар мен

үйірмелер кестесі

Толығырақ...

tv det

Балалар

шығармашылығы

Толығырақ...

sprosy

Кітапханашыдан сұра

Толығырақ...

tree1