Тілді ауыстыру / Переключение языков

 Біз әлуметтік желідеміз:
fb  vk  yt ins

kids

 

pr book

Электронды каталог

nbk

kr k

Оқуға ұсынамыз

«
»

Біздің өрендер

Қітапханаға жазылу

«Балдырған» - балалардың сүйікті досы

Baldyrgan 13 мамыр күні кітапханада «Балдырған» балалар журналының 65 жылдығына орай журналдың бас редакторы Дүйсен Мағұлұмовпен Zoom платформасы арқылы онлайн кездесу өтті.
Алпыс бес жылдық тарихы бар «Балдырған» журналы – алғашқы санынан бастап-ақ қазақ бүлдіршіндерінің сырлас досына, жанашыр жақынына айналған басылым. Журнал «Кім тез жаттап алады?», «Бала тілі – бал», «Балдырғанның» достары», «Халықтық салт-дәстүр», «Бастау», «Ойлан, тап!», «Балдырғанның» қызыл кітабы», «Балдырғанның» сурет галереясы» және т.б. сияқты айдарлардан тұрады.
Кездесуге қала, облысымыздың ауыл, аудан мектептерінің оқушылары мен ұстаздары және балабақша қызметкерлері мен кітапханамыздың тұрақты оқырмандары қатысты.
Дүйсен Мүсірәліұлы жас оқырмандардың сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты. Оқушылар сүйікті журналдары туралы ой-пікірлерімен бөлісіп, журнал бетіндегі өздеріне ұнаған өлеңдерді жатқа оқыды. Әңгіме барысында Дүйсен ағамыздың ауған соғысының ардагері екендігі белгілі болып, қаламыздағы №27 орта мектебінің оқушылары алдағы келе жатқан батырлар мерекесіне орай патриоттық ән айтып берді.
 

Дарынды балалармен кездесу

a54608bb c560 4037 a160 6595cfa4ac996 сәуір күні кітапханамызда өтіп жатқан балалар кітабының апталығына орай «Өзі бала, өзі дара» атты шығыстан шыққан дарынды жас бала жазушылар - 14 жасар Асыл Сұңғатқызы мен 9 жасар Ералы Пазылбекұлымен кездесу өтті. Ералының жуырда ғана ең бірінші "Ералының ертегілері" атты алғашқы кітабы жарық көріп, Қазақстандағы ең жас жазушы деп танылды. Ал, бүгінде Асыл Сұңғатқызының "Алаш арыстары", "Ер Төстік" деген екі кітабы жарық көріп қойды.
Кездесуге келген балалар қонақтарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, емен-жарқын сұхбат құра алды.

 

"Балдырған" журналы №2/2023жыл

Baldurgan 04 23Балалар, әр күндерің көңілді өтсін деген ой-тілекпен сендерге арналған "Балдырған"журналын ұсынамыз. Бүлдіршіндер мен сәбилерге арналған "Балдырған" журналында, балалар, өздеріңді қызықтыратын тақырыптың бірі - жазушылардың шығармашылығы. Белгілі балалар жазушысы, аудармашы Қабыш Жәркеновтің туғанына 90 жыл.
Шығыс Түркістанда дүниеге келген Қабыш Жәркенов аталарың атамекенге оралған соң Қазақтың Мемлекеттік университетінің филолигия факультетін бітіріп, көп жылдар бойы ауылда ұстаздық қызмет еткен. Оның тағылымға толы ұстаздық еткен жылдары оқушы балалардың іс-әрекетін, мінез-құлқын зерттеуге мол мүмкіндік жасады.Сондықтан да оның балаларға арналған "Мінезді аға", "Айналайын", "Көңілді жаз", т.б. кітаптарына енген әңгімелері мен хикаяттары оқырмандарын өзінің шынайлығымен баурап алады.
Кәнеки, балалар, туғанына 90 жыл толып отырған жазушы Қабыш Жәркеновтің "Мұзойнақта" атты әңгімесін оқып тамашалауға шақырамыз.
"Балдырған" журналында қызықты, тартымды тақырыптар көп: ертегілер, өлеңдер, әңгімелер, логогрифтер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар.
Қызықты әңгімелер мен ертегіге тоймайтын, және жаңылтпаштарды, өлеңдерді жаттауды ұнататын бала болсаң, "Балдырған" журналы - саған!

Балалар жазушысы Марат Қабанбаевтың туғанына 75 жыл

KabanbaevКітапханамызда өтіп жатқан балалар кітабы апталығының аясында биылғы жылы 75 жылдық мерейтойы аталып өтіп жатқан жерлес балалар жазушысы, публицист Марат Қабанбаевқа арналған «Бала жанының жаршысы...» атты шығармашылық кеш өтті.
Бүгінгі әдеби кешке қатысқан жас оқырман балалар Марат Қабанбаевты жан-жақтылы зерттегені анық көрініп тұрды, өмір баянымен танысып, шығармаларын талдауға өте белсенді қатысты, оқушылар кез-келген сұраққа мүдірмей жауап беріп отырды.
 

9 жасар бала жазушы - Ералы Пазылбекұлы

EraluӨткен аптада біздің белсенді де ақылды оқырманымыз Ералы Пазылбекұлының «Ералының ертегілері» атты кітабының тұсаукесері өтті. Ералының алғашқы ертегілер жинағына бала қиялынан туған ойлы да әсерлі шығармалары енген. Кітаптағы Ералының әр ертегісі өзі қатарлы достарымен аға буын ересектердің де жүрегінен ерекше орын алары анық.
 

#ПушкинКітапханасы#БиблиотекаПушкина#ЕралыныңЕртегілері

clubd

Клубтар мен

үйірмелер кестесі

Толығырақ...

tv det

Балалар

шығармашылығы

Толығырақ...

sprosy

Кітапханашыдан сұра

Толығырақ...

tree1